Қазақстанда жүк тасымалдау көлемі қысқарды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бір жылда жүк тасымалдау, көлік түріне қарамастан 2,8%-ға төмендеді. Осы кезеңде барлығы 3,8 млрд. тонна жүк тасымалданды, деген ақпаратты Ұлттық статистика таратуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жүк тасымалының негізгі үлесі автомобиль жүк көлігіне тиесілі – 82,5%, мұнда 3,2 млрд. тонна жүк тасымалданған.

Өткен жылы жүк айналымы 603 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде темір жол жүк айналымы 311 926 млн. теңге  (2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 4,3%-ға өсті), автомобиль көлігі – 146 227 млн теңге (7,6%-ға азайды).

Елімізде жүк тасымалдау көлемі қысқарды. Сонымен қатар, кәсіпорындардың жүк және багажды тасымалдаудан түскен кірісі бір жылда 12,5%-ға өсіп, 3 264 млрд. теңгені құрады.

2022 жылдың 20 қыркүйегінде Қазақстанда халықаралық тасымал жүргізушілерінің еңбек және демалыс нормалары өзгеретіні белгілі болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz