Тайландтың Бангкок қаласында бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан Азия біріншілігінде еліміздің ерлер құрамасы 3 алтын, 3 күміс және 5 қола медальдарға қол жеткізсе қыздарымыз 2 алтын мен 7 қоланы місе тұтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Азия біріншілігінің финалдық кездесулерінде Санжар Тәшкенбай (48 кг), Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг) пен Махмұт Сабырхан (57 кг) чемпион атанды. Ал Абзал Серік (67 кг), Сабыржан Аққалықов (71 кг) пен Диас Молжігітов күміс медальдарды иеленсе, қола жүлдегерлер қатарында отандастарымыз Талғат Сырымбетов (60 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг), Ерхат Бекзат (92 кг), Аманат Сабырғали (+92 кг) мен бар.
Ал бұрымдылар сапында Жасмин Қизатова (70 кг) мен Гүлсая Ержан (81 кг) бас жүлдені қанжығыларына байлады. Жартылай финалда жеңіліс тапқан Мөлдір Тойқова (50 кг), Әнел Сақыш (54 кг), Виктория Графеева (57 кг), Шахназ Исаева (60 кг), Назерке Серік (63 кг), Ақнар Ищанова (66 кг) мен Дана Дидай (75 кг) қола медальдарды місе тұтты.