СҚО-да ғаламшарлар шеруін байқауға болады

Авторы: Qyzyljar News

Қаңтар айының соңына дейін Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары ғаламшарлар шеруін тамашалай алады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры, астроном Андрей Солодовниктің айтуынша, ғаламшарлар шеруі – күн жүйесінің ғаламшарлары бір қатарға түзелгенде көрінетін құбылыс. Қазір түнгі аспанда айдан кейін Венера планетасы көрініп тұр.

– Батыста шамамен көкжиекке жақын жерде Сатурнды көруге болады. Қалада биік ғимараттарға байланысты оны байқау қиынырақ. Венера ғаламшары одан жоғары орналасса, оңтүстігінде-жарқын Юпитерді көруге болады. Көкжиектен жоғары Марс тұратынын айта кеткен жөн. Алыс планеталар-Уран мен Нептун да жақындай түседі. Нептун Юпитердің сол жағында, ал Уран одан да сол жақта орналасады. Тек осы екі планетаны бинокль мен телескоптың көмегімен көруге болады, — деді Андрей Солодовник.

Ғаламшарлар шеруі қаңтар айының соңына дейін жалғасатынын айта кеткен жөн. Кейін Сатурн күнге жақындап, көрінбей кетсе, Венера Юпитерге жақындап, күннен алыстап кетеді. Ал планеталардың шағын шеруі деп аталатын құбылысты наурыздың ортасына дейін байқауға болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz