Қазақстанда 32 адамнан тұратын халықаралық қылмыстық топ құрықталды

Авторы: Qyzyljar News

Украинаның Ұлттық полициясымен бірлесіп, телефон арқылы алаяқтық жасаған 32 адамнан тұратын халықаралық қылмыстық топ жойылды. Бұл мәліметті бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды деп Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, интернет-алаяқтық әрекеттерін ашу және Қазақстанның Еуропа Кеңесінің компьютерлік қылмыстар туралы конвенциясына қосылуы бойынша халықаралық ынтымақтастықты жандандыру жөнінде шаралар қабылдануда.

– 32 адамнан тұратын халықаралық қылмыстық топ осы бағыттағы жұмыстарды арқасында қолға түсті,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда полиция органдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жақсарту және алаяқтықтың алдын алуға бағытталған құқықтық актілерді жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығы айтылады. Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция бөлімшелері үшін интернет желісін мониторингілеуге, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде құқық бұзушы-пайдаланушыларды анықтауға арналған қазіргі заманғы жабдықтар мен мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алды. Аумақтық полиция бөлімшелерінде осы санаттағы істерді ашуға және тергеп-тексеруге мамандандырылған тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу топтары құрылғанына айта кеткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz