Петропавлда полиция есебінде 26 жасөспірім тұр

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдың ювеналды полицейлерінің бастамасымен М.Қозыбаев атындағы СҚУ алаңында білім беру ұйымдарының басшылары мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесті. Шараның тақырыбы – кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша өзара іс-қимыл, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қаласы ПБ ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Оңалбек Әбдікәрімовтің айтуынша, өткен жылы кәмелетке толмаған қала тұрғындары 19 қылмыс жасады. Жиында полицейлер мен мемлекеттік органдардың өкілдері мектептер мен колледждердің директорларына отбасын сауықтыру және отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша күш-жігерді біріктіруге шақырды.

– Оқу орындарының оқытушылар құрамы шетте қалмауы керек. Өйткені педагогтар күн сайын жасөспірімдермен тығыз қарым-қатынаста болады. Өткен жылы полиция қызметкерлерінің бастамасымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында 27 материал қарастырылды. Бүгінде полицияда 26 кәмелетке толмаған бала есепте тұр. Әрбір жағдайда барлық мүдделі тараптар қатысатын жеке жұмыс жүргізілуі қажет, — дейді Петропавл қаласы ПБ ЖПҚ бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Оңалбек Әбдікәрімов.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz