СҚО-ға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов келді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облысқа жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында вице-премьер бірқатар әлеуметтік нысанның құрылысымен және «Ауыл Аманаты», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту», «Жайлы мектеп» ұлттық жобаларының іске асу барысымен танысты.

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов шағын несиелеу бағдарламасына қатысушылармен кездесті. Өңірде азаматтардың өз ісін ашу және дамыту бойынша кәсіпкерлік бастамаларын қолдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соңғы 3 жылда бұл мақсаттарға 5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Бизнес ашуға 1 мың өтінімге қолдау көрсетілді. Биыл жастардың өз ісін ашуына 650 млн. теңгеге 130 шағын несие берілді.

Петропавлда Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов биыл «Жас Өркен» шағынауданында пайдалануға берілетін жаңа емхананың құрылысымен танысты. «Береке» шағынауданында тағы бір емхана салынып жатыр. Сондай-ақ «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының аудандарында 46 медициналық нысанның құрылысы басталады. Бұл ФАП, дәрігерлік амбулатория және медициналық пункттер. Кішкенекөл ауылында да жаңа емхананың құрылысы жоспарлануда.

Жалпы еліміздің аймақтары мен шалғай ауылдарда 2023-2025 жылдар аралығында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге арналған 650-ден астам медициналық нысан салынып, 30-дан астам емдеу мекемесіне күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады.

Жұмыс сапары барысында Алтай Көлгінов 68 заманауи зертханамен жабдықталған М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың жаңа оқу-зертханалық корпусына барды. Өткен жылы Аризона университетімен бірігіп, қос дипломды оқу бағдарламасы іске қосылды. Халықаралық бағдарлама бойынша әр қаладан 155 студент білім алып жатыр.

Студенттер үшін 1 700 орындық жаңа жатақхана салынуда. Сонымен қатар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Петропавлда 4 мектептің құрылысы басталады.

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Қызылжар ауданы, Чапаево ауылындағы «Қызылжар сүт» ЖШС сүт-тауарлы фермасында да болды. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, соңғы жылдары өңірде заманауи 30 сүт кешені салынған. Мысалы, 2022 жылы 10,5 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды. Жалпы 2026 жылға қарай Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығында 141 млрд. теңгеге 72 жоба жүзеге асырылмақ. Бұл сүт фермаларының, құс етін шығарытын фабрикалардың, майды экстракциялау зауытының және жылыжай кешендерінің құрылысы. Тағы 4 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz