Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің департаменті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, оның ішінде абаттандыру саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Превенция басқармасының басшысы Дамир Хабибулин төрт негізгі қауіпті атады.
— Жұмыстарды жоспарлау кезінде абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі жұмыстардың тәртібі мен түрлерін регламенттейтін ескірген, күші жойылған нормативтік құқықтық актілер пайдаланылды. Орындалған жұмыстардың актілеріне және оларды қабылдау тәртібіне қол қою кезіндегі формализм нәтижесінде отырғызылған ағаштардың өліміне және ретсіз кесуге әкеледі.Абаттандыру мен көгалдандыруды есепке алу және бақылау бойынша процестерді автоматтандыруға көшу қажет. Жұмысты сапалы ұйымдастыру үшін жасыл желектерді күту бойынша шешуші пікір, атап айтқанда, орман патологының сараптамалық қорытындысы болуы тиіс, — деді Дамир Хабибулин.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қоқыс тасымалдаушы ұйымдар мен қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына бақылауды арттыру қажет деп санайды.
— Негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелі жалақыға арналған шығыстар, негізгі құралдардың амортизациясы, жанар жағармай материалдарының шығыстары, әкетілген материал көлемі туралы жалған мәліметтерді пайдалану жолымен тарифтерді қалыптастыру кезінде қоқыс тасымалдаушы компаниялардың мүдделерін лоббилеу мүмкіндігін білдіреді. Кәсіпорындар өз көліктерін спутниктік навигациялық жүйелермен жабдықтамады, бұл қалдықтарды тасымалдау маршруттарын негіздеу үшін негізгі растайтын материал болып табылады. Бірқатар процестерді автоматтандыру тасымалдау маршруттары мен полигонға берілген қалдықтардың көлемін жүйелі бақылауды қамтамасыз етеді, — деп атап өтті Дамир Хабибулин