Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

30 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Президентке Жоғары сот кеңесінің 2022 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы, еліміздегі судьялар корпусының жай-күйі және оның тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы мәлімет берілді, деп жазды ҚР президентінің ресми сайты.

 

Жоғары сот кеңесі төрағасының айтуынша, судьялар корпусының құрамын қайта жаңарту мақсатында қабылданған шаралардың нәтижесінде былтыр судьялық қызметке ұсынылған адамдардың саны сот жүйесінен кеткен судьялардың санынан асып түскен.

 

Мемлекет басшысының сот жүйесіне нақты сала мамандарын тарту жөнінде берген тапсырмасын орындау үшін алғаш рет жекелеген құқық салаларындағы заңгерлер арасында конкурс өткізілді. Конкурс жеңімпаздары аудандық деңгейді айналып өтіп, бірден облыстық соттың судьялары бола алады.

 

Бұдан бөлек Президентке Кеңесті институционалды тұрғыда нығайтуға және оның құзыретіне соттардың кадрлық мәселелерін беруге, сондай-ақ судьялардың тәртіптік жауапкершілігі институтын жетілдіруге бағытталған жоспар туралы баяндалды. Сонымен қатар судьяларды іріктеу ісін жетілдіру және оның ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады.

 

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма беріп, сот жүйесіндегі реформаларды сапалы жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz