Петропавлда пікірсайыстан турнир өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы «ЛОРД» дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында 9-11 сынып оқушылары арасында «Ұлттық пікірсайыс» турнирі өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық турнирге аудан мен қала мектептерінің оқушылары қатысты. Жарыс жолына 32 команда түсті. Пікірсайыстың мақсаты – қазақстандық патриотизмді дамыту, өскелең ұрпақтың бойына елжандылық, отансүйгіштік секілді қасиеттерді дарыту. Пікірсайысшылар үш лигаға бөлініп, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде қарым-қабілеттерін сынады. Дебат қатысушылары Қазақстан Республикасындағы заң шығару қызметінің өзекті мәселелері мен ел азаматтарының конституциялық құқықтары мен міндеттеріне жөнінде сайысқа түсті.

Мемлекеттік тіл лигасында бірінші орын Ә.Бөкейхан атындағы № 25 жалпы білім беретін орта мектебінің «Soz naiza» командасына бұйырды. Екінші орынды Назарбаев зияткерлік мектебінің «Итмұрын» командасы иеленді. Үздік үштікті «Digital Urpaq» Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері қорытындылады.

Орыс тілді лигада «Digital Urpaq» оқушылар сарайының «Дориан Грей» командасы жеңімпаз атанды. Күміс жүлде № 27 орта мектебінің еншісінде. Қола медальдармен Шал ақын ауданынан келген Е.Букетов атындағы мектеп-гимназиясының командасы марапатталды.

Ағылшын лигасында Назарбаев зияткерлік мектебінің «Закарийя» командасы жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші орын «ЛОРД» дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернатының еншісінде.

 

Фото: СҚО білім басқармасы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz