СҚО-да балабақша мен нефрология орталығы ашылады

Авторы: Qyzyljar News

Биыл облыста мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде екі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық қоғамдық кеңестің отырысында экономика басқармасының бөлім басшысы Татьяна Долгих екі жобаның да денсаулық сақтау саласына жататынын айтты.

— Көпбейінді облыстық аурухананың ас блогын жаңғырту және пайдалану үшін сенімгерлік басқаруға беру қажет. Сондай-ақ облыстың медициналық ұйымдары үшін оттегі станцияларын құру жоспарда бар. Бұл жобаларға байқау жарияланады. Оның нәтижесінде иелері анықталады, — дейді Татьяна Долгих.

Бұдан бөлек дайындық сатысында тағы үш жоба бар екені белгілі болды. Оның бірі 140 орынға шақталған балабақша құрылысы, нефрология және эфферентті терапия орталығы мен көшені жарықтандыруын жүйесін жаңғыртуға қатысты жоба да бар.

– Осылайша «Береке» шағынауданда тұратын балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамту мәселесі шешіледі. Сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес нефрологиялық көмек және жедел бүйрек жеткіліксіздігі бойынша медициналық қызметтердің толық кешені жұмыс істейтін болады. Ал көшені жарықтандыруға бағытталған жобаның арқасында жарықдиодты шамдар шығарылады. Бұл энергия тиімділігін арттыруға және электр энергиясын төлеуге кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді, — деп толықтырды Татьяна Долгих.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz