СҚО полицейлері интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған шаралар жүргізуде

Авторы: Qyzyljar News

СҚО ПД басшылығының өкімі бойынша жедел уәкілдер мен учаскелік инспекторлар интернет-алаяқтықтың жаппай алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қаскөйлердің негізгі айла-амалдары — интернет арқылы сауда жасау кезінде алдын ала төлем жасауды талап ету немесе банк қызметкері болып қоңырау шалу. Жәбірленушіге психологиялық қысым көрсету мақсатында алаяқтар алғашында өздерін құқық қорғау органдарының қызметкеріміз деп таныстырады. Бұл жайында учаскелік полиция инспекторлары халықпен кездесу барысында жиі айтады.

– Желілік алаяқтардың құрбанына айналмас үшін қарапайым ережелерді ұстану қажет. Сенімсіз болсаңыз, алдын ала төлемге келіспеңіз. Сатушымен бейнебайланысқа шығып сөйлесуге әрекет етіңіз. Әдетте қылмыскерлер өз бет-әлепеттерін көрсетпеуге тырысады. Қаскөйлер WhatsApp мессенджері арқылы әңгіме барысы жазылмайтындықтан, WhatsApp арқылы аудиобайланысқа шығады. Өздеріңіздің жеке деректеріңізді, оның ішінде банк картасының сыртындағы cvv-кодты, PIN-кодты, SMS-хабарламасымен келетін бірретік кодты ешкімге сеніп айтпаңыздар,- деді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz