СҚО мектептеріне жиһазды жергілікті кәсіпкерлер шығаруға ниетті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады. Ал оларға қажетті жиһазды жергілікті өндіріс ошақтары шығарады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Естеріңізге салсақ, «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 2023-2025 жылдар аралығында ел көлемінде  401 мектеп салу жоспарланса, оның төртеуі Солтүстік Қазақстан облысында тұрғызылмақшы. Бүгіндері жобаның бірыңғай үйлестірушісі —  «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы.

– Жобаны іске асыруға 2,6 трлн. теңге қарастырылған. Барлық бөлінетін қаражаттың үштен бір бөлігі отандық тауар өндірушілерден жүзеге асырылатын жабдық пен жиһаз сатып алуға бағытталады. Ол үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әрбір облыста мектептерді қажетті құрал-жабдықпен қамту мақсатында тауар өндірушілер тізімін бекітеді. Біздің өңірде арнайы сертификаты бар 2 жиһаз өндірушісі тіркелген –  «Регион 715» және «Фирма Леонтьев» серіктестіктері, — дейді СҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Магамед Дудаев.

«Регион 715» ЖШС 15 жылдан астам уақыт бойы мектептер, балабақшалар, колледждер мен жоғары оқу орындарына жиһаз дайындап келеді. Өткен жылы компания 2 мыңнан астам «Stem» зертханалары, физика, химия, биология сабақтарына арналған пәндік кабинеттер, жалпы білім беретін сыныптар, асханалар мен киім ауыстыру бөлмелерін жабдықтады. Биыл да серіктестіктің жоспары ауқымды.

– Біз тек ағашпен ғана емес, металмен де жұмыс істейміз. Өткен жылы компаниямыз бүкіл Қазақстан бойынша мектептер үшін 2000-нан астам сыныпты жабдықтады. Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына қатысуға ниеттіміз. Ұжымымызда 50 адам еңбек етеді. Жаңадан жұмысқа алынған мамандарды оқыта бастадық. Бір жылдың ішінде 3 жарым мыңнан астам сыныпқа қажетті жиһазды жасап шығаруды жоспарлап отырмыз, – дейді «Регион 715» ЖШС бас директорының орынбасары Александра Русина.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz