Петропавл базарларында тұтынушылар аз

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«AMANAT» партиясы облыстық филиланың партиялық бақылау комиссиясының мүшелері тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын жинауда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Петропавлдың «Дария» базарына барып, шағын бизнес субъектілері өкілдерімен кездесіп, олардың мәселелеріне құлақ түрді. Олардың сөзінше, соңғы кездері күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларына, жеміс-көкөніске және ет өнімдеріне сұраныс азайды.

– Солтүстіктегі тұрғындардың жалақысы тым төмен. Одан қалды, бірқатар оқиғалардың салдарынан тауарды сатып алу құны және сәйкесінше бөлшек сауда бағасы да қымбаттады, — дейді сатушы Алёна Семенищева.

Сондай-ақ, қала тұрғындары шағын бизнесті дамытудың проблемалық мәселелеріне тоқталды. Олардың пайымдауынша, бүгіндері базарлардың ірі сауда орталықтарымен бәсекелесу қиын деп отыр.

– Біз ірі сауда нүктелері сияқты, жеңілдіктер жасай алмаймыз. Тұтынушылар жеңілдіктер берілетін дүкендерді таңдайды, – дейді сатушылар.

Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Александ Зель, «бүгінгі кездесудің қорытындысы бойынша барлық өтініштер «AMANAT» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне жіберіледі. Кейін оларды жасалып жатқан сайлауалды бағдарламаға тиісті индикаторларды енгізу үшін ұсынылады. Біздің міндетіміз – солтүстікқазақстандықтардың сұрақтары, ұсыныстары осы құжатта көрініс табуы тиіс», — деп айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz