Ауылға интернет тартқан операторларға «соңғы миль» субсидиясы төленеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ауылға интернет тартқан шағын және орта байланыс операторларына ақырғы шақырымға жұмсаған шығын мемлекет есебеніне субсидияланады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасап.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының аясында осында шара ұсынып отыр.

– Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен агроөнеркәсіптік кешендерге цифрландыруды енгізу үшін телекоммуникациялық инфрақұрылыммен, оның ішінде Интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөнінде жағдай жасау қажет. Сонымен қатар, кәсіпорындардың көпшілігі ауылдық елді мекендерден тыс жерде екені анықталды. Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен агроөнеркәсіптік кешендерді Интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады, — деп жазылған Ұлттық жоба мәтінінде.

Жоба авторларының есептеуінше, байланыс операторлары үшін ауылдық елді мекендердегі үй шаруашылықтарына интернет тарту экономикалық тұрғыдан тиімсіз.

– Осыған байланысты, шағын және орта байланыс операторлары үшін ауылдық елді мекендердегі үй шаруашылықтарына интернеттің «соңғы милін» субсидиялау тетігі көзделген, — делінген құжатта.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz