СҚО-да жеті шенеунік бизнеске кедергі келтіргені үшін жазаланды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы өткен жылы кәсіпкерлерден 105 өтініш қабылдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеев бүгінгі таңда қабылданған өтініштердің үштен бірі оң шешімін тапқанын, ал екі жыл ішінде кәсіпкерлердің 804 млн. теңгеге құқығы қорғалғанын жеткізді.

— Бизнесті қаржыландыру мәселелері әлі де алаңдатады. Қабылданған өтініштердің 20% қаржы саласына, 16% жер саласына, 15% салық қатынастарына, ал 12 % мемлекеттік сатып алу саласына тиесілі. 2022 жылы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес жұмысының нәтижелері бойынша жеті лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, республикалық деңгейде және жергілікті деңгейде 18 тосқауыл анықталды, — деді Тимур Бекеев.

Сонымен қатар ол өңірде отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құрылғанын, сондай-ақ облыс әкімдігі мен палата арасында жергілікті қамтуды дамыту және мониторингілеу бойынша бірлескен іс-қимыл жоспары әзірлегенгенін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz