Алматы қаласында практикалық атыс бойынша өткен VI жыл сайынғы турнирге қатысқан СҚО полиция департаментінің қызметкерлері 14 команданың арасында бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жарыс Ауған жерінде интернационалдық борышын өтеу кезінде жауынгерлердің арасында “Қара-майор” атанып кеткен аты аңызға айналған командир Борис Керімбаевты еске алуға арналды. Солтүстікқазақстандық полицейлер осындай турнирлерге жиі қатысып тұратынын айта кеткен жөн. Аталмыш жарыста тәртіп сақшылары 7 жаттығудан сынға түсті. Оның ішінде қозғалмайтын және қозғалатын нысаналарды автомат пен тапаншадан ату сияқты аралас жаттығулар бар.
Айта кету керек, бұл солтүстікқазақстандық полицейлердің екінші жеңісі. Бұған дейін олар 2021 жылы өткен жарыста да жеңімпаз атанған.