СҚО Қызылжар ауданында 2022 жылдың қараша айынан бастап жылыжайды электр қуатына қоспаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Биыл қаңтардың 24-і күні облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жергілікті атқарушы органның іс-әрекетіне кәсіпкер шағым түсірді.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында жеке кәсіпкердің коммерциялық нысан үшін электрмен жабдықтау желісіне қосылу кезінде әкімшілік кедергіге тап болғаны анықталды.
– Антикор қызметінің мамандары аудандық сәулет бөлімі басшысымен кездесті. Желіге қосылудан бас тартуға заңды негіз жоқ екені белгілі болды. Қазіргі уақытта электр энергиясына қосылуға рұқсат берілген, – делінген облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарламасында.