«Болашақ» стипендиаттарының жұмыс мерзімін қысқарту шарты аталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

2023 жылдан бастап шетелдік жоғары оқу орны, жұмыс беруші немесе ұйымның академиялық оқуға гранты бар «Болашақ» стипендиаттары үшін міндетті еңбек жұмысының мерзімі бір жылға қысқартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Енді байқауға шетелдік университет немесе ұйымның академиялық оқуға гранты бар үміткерлер де қатыса алады.

– Мұндай стипендиаттардың жұмыс мерзімі Астана, Алматы және Шымкент қалаларында бес жылдан төрт жылға, еліміздің басқа өңірлерінде үш жылдан екі жылға қысқартылады, — деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

Ол «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттың тұруына, тамақтануына, медициналық сақтандыруына, әуе жолына, визалық төлемдеріне, оқу материалдарын сатып алуға кететін шығындарын өтейтінін атап өтті.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысу үшін жетекші шетелдік ЖОО-да оқу гранты бар үміткерлер академиялық оқуға түскенін растайтын құжаттардың көшірмелерін тегін ұсынуы қажет. Грант академиялық оқудың барлық кезеңін қамтуы керек.

Бұған дейін ауылдық квотаға енген «Болашақовтықтар» кепілзат бермеуі мүмкін екені белгілі болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz