ҚР Ұлттық экономика вице-министрі: «Ауылдарды көркейту, дамыту қажет»

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-ға Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков жұмыс сапарымен келіп, өңірдің бірқатар нысандарын аралады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Алдымен Бауыржан Омарбеков «Зенченко және К» командиттік серіктестігінде атқарылып жатқан шаруалардың барысымен танысты. Мәдениет, білім беру нысандарын аралап, ұжым мүшелерімен кездесті. Шаруашылық директоры Геннадий Зенченко 2019 жылы 1,9 млрд, былтыр  851,2 млн. теңге мемлекеттік қолдауға ие болғанын баяндады.

Кейін Ұлттық экономика вице-министрі ауылдық Мәдениет үйінде жиын өтті. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат  Тасмағанбетовтың сөзінше, шара барысында ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты нақты ұсыныс-пікірлер жинақталып, зерделенеді. Бұл ретте табиғи өсім көрсеткіші есебінен ауыл халқының санын реттеудің мәні айрықша екенін де атап өтті. Сөз алған Бауыржан Омарбеков «Ауыл – ел бесігі»  бағдарламасы аясында ауылдықтардың 90 пайызы тұратын даму әлеуеті жоғары 3500 елді мекен іріктелетінін жеткізді.

– «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2019-2022 жылдары республикалық бюджеттен  326  млрд. теңге бөлу арқылы 3,7 мың жоба іске қосылды. Биыл  министрлік облыс әкімдерімен бірлесіп, 736 елді мекенде 143 млрд. теңге мөлшерінде 1,5  мың жобаны пайдалануға береді. Агроөнеркәсіп кешенін, кәсіпкерлікті, ауыл шарауашылығы кооперативін дамытудың сапалық бағалау көрсеткіштері түзіліп, стандарттар  жүйесінің жаңа форматы енгізіледі, – деді  Бауыржан Омарбеков.

Жиында белгілі болғандай, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде Алматы (14,5%), Түркістан (12,4%), Солтүстік Қазақстан (12,0%) және Шығыс Қазақстан (11,7%) облыстары алда. Өндірілген өнім құрылымында өсімдік шаруашылығы – 58,4 пайыз, мал шаруашылығының үлесі – 41,5 пайыз. Агроөнеркәсіптік кешенде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына құйылатын инвестициялар көлемі артып,  2012 жылдан 2021 жылға дейінгі аралықта оның мөлшері  5,8 есе өскен.

Алаңдататыны, жергілікті маңызы бар жолдардың  нашарлығы, атап айтқанда, 50,6 пайызы орташа және күрделі жөндеуді қажет етеді. Ол Солтүстік Қазақстан облысында – 5,5 мың километрді қамтиды. Сондай-ақ су мәселесі де қозғалды. Бүгіндері елді мекендердің 65,5 пайызы тіршілік көзін орталықтандырылған құбырлардан тұтынады. Суды тазартудың кешенді модульдерін 631 ауыл пайдаланады. Орталықтандырылған сумен ең аз қамтамасыз етілген облыстар – Ақмола (82,9%), Қостанай (64%) және Солтүстік Қазақстан (49,9%) облыстары. Әлеуметтік инфрақұрылымдар да көп жерде әлі қолжетімсіз. Мәселен, 89  мектеп үш ауысымда оқыса, 36 білім ошағы апаттық жағдайда. Ауылдардың 17,5 пайызында  денсаулық сақтау  нысандары жоқ,  төрттен бірі кең жолақты интернетке қосылмаған. Экологиялық жағдайлардың нашарлауына, климаттық қауіп-қатерлердің  (жайылымдық жерлердің құнарсыздануы, су ресурстарының тапшылығы) өршуіне байланысты 3030 нысан санитарлық нормаларға сәйкес келмейді.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев 2022 жылы жеткен жетістіктерді баяндады. Ауыл шаруашылығы бойынша өңірдің жалпы өнім көлемі 1 трлн. теңгеден асып, мұндай биік меже алғаш рет бағындырылыпты.

– Биылғы міндет – ауыл шаруашылығына 84,5 млрд. теңге инвестиция тарту. Нәтижесінде осы салада 37 жобаны іске қосып,  800 жаңа жұмыс орнын құру болып отыр, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

Өңір басшысының бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов  «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 2021 жылы  15 млрд.,  2022 жылы  20 млрд., биыл 40 млрд. теңге бөлінгенін айта келіп, конкурстық рәсімдеу мерзімін екі жылға ұзартудың тиімділігін алға тартты. Үшжылдық бюджетті бекіткен кезде шағын қалалар мәселесін кіргізу қажеттігін, қазір қамтылмай отырғанын айтты.

Кеңесті қорытындылаған вице-министр Бауыржан Омарбеков  жиналғандардың  назарын адал бәсекелестік, кәсіпкерлер үшін жаңа нарықтар ашу, өнімділікті өсіру, адами капиталды дамыту, игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу қағидаттарына аударып, бірқатар ұсыныстар берді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz