Солтүстік Қазақстан облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ең көп таралған биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) үлгілерін тексерді. Өткен жылы 51 сынама алынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биологиялық белсенді қоспалардың 51 сынамасы алынып тексерілді. Кейбір өнімдердің құрамында қажетті қауіпсіздік нормалар сақталмағаны анықталды
– Диеталық қоспалар – бұл жеуге болатын табиғи немесе бірдей табиғи заттар. Олардың құрамында дәрумендер, минералды қоспалар бар. Олардың тағамдарда қандай мөлшерде екенін білу үшін департамент мамандары күн сайын түрлі сынамалар алады.
Диеталық қоспаларға міндетті түрде мемлекеттік тіркеу қою қажет. Бұл жұмысты Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жүргізеді. ББҚ-ны тіркеуді Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында орналастырылған мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінен және «экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі арқылы «мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің тізілімі» бөлімінен табуға болады, — деп хабарлайды СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.