Елімізде декреттік төлемдерді алу мерзімі қысқарады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Digital Almaty» форумында сөйлеген ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин биылдың өзінде қазақстандық әйелдер декреттік жәрдемақыны бір сағаттың ішінде ала алатынын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазір бала күтіміне байланысты жәрдемақы алу рәсімі 15 күнге дейін созылады.

– Биыл біз босанғанға дейінгі жәрдемақыны алуды бір сағатқа дейін қысқартамыз. Жас отбасылар халыққа қызмет көрсету орталықтарына қалай барып, кезекке тұруды ойламай, балаларына қалай уақыт бөлуді ойласын, – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Минстрдің сөзінше, «eGov.kz» қазақстандықтарға маңызды және есте қаларлық күндер жайлы ақпараттарды тарататын болдаы. Енді қолданушыларды баланың дүниеге келуімен құттықтайды.

– Мамыр айынан бастап біз де сізді үйлену тойыңыздың мерейтойымен құттықтауға кірісеміз. Кейбір өмірлік жағдайларды еске түсіреміз. Тұрғындар мен отбасылардың бақытын ойлайтын мемлекет болу керек деп санаймын, – деді Бағдат Мусин.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz