Өңірдегі 20 гидротехникалық құрылыстың 14-і қанағаттанарлық жағдайда

Авторы: Qyzyljar News

«AMANAT» партиясының облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысында су тасқынына дайындық және өңірдің барлық гидротехникалық құрылыстарының жарамдылығы мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімдігі аппаратының жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғаныс бөлімінің бас маманы Берік Ғабдулиннің айтуынша, өңірде 20 гидротехникалық құрылыс бар. Бүгінгі таңда Шарық су торабы және Уәлиханов ауданының Қаратал ауылындағы «Сегіз көз» сегіз терезелі су өткізу ғимараты апаттық жағдайда тұр екен.

– Су қоймалардың қалған төртеуі яғни, Есіл ауылының жанындағы ағынды реттеуші бөгеті, Петропавлдағы Ущев көшесіндегі қорғаушы бөгеті, «Биопруд» сарқынды су жинағыш бөгеті және Тілеусай ауылының жанындағы су көтергіш бөгеті қанағаттанарлықсыз жағдайда тұр. Бұдан бөлек, темір-бетон плиталарын ауыстыру және «Биопруд» сарқынды су жинағыш бөгетін нығайту бойынша мәселе өткір тұрғанын атап өткен жөн. Тепличное және Прибрежное ауылдарында қорғаныс бөгетін салу жоспарлануда. Жоба әзірленіп, ақпан айында сараптамаға жіберіледі, — дейді Берік Ғабдулин.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайларды алдын алу бөлімінің бастығы Сәкен Ағзамов көктемгі кезеңге дайындық туралы айтты.

– Су тасқынына қарсы іс-қимылдың арқасында 175-тен астам елді мекенде қауіп барынша азайтылды. Бүгінде су тасқыны қаупі бар 85 елді мекен есепке алынды, — деп атап өтті Сәкен Ағзамов.
Оның айтуынша, су тасқыны кезінде эвакуациялауға арналған 10 жоғары өтімді техника, жол талғамайтын 5 көлік, 7 жүзу құралы, 82 мотопомпа, 370 су өткізбейтін костюм бар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz