Қазақстан теннис құрамасы Ақпанның 4-5 күндері Дэвис кубогінің іріктеу матчында Чили командасымен кездеседі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ла Серена қаласында өтетін матчта Қазақстан жеңімпаз атанса, Дэвис кубогі – командалық әлем чемпионаты финалдық кезеңіне төртінші рет жолдама алады. Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Тимофей Скатов ел құрамасы сапында алғаш рет өнер көрсетпекші. Бір апта бұрын ол Чили құрамасы үздіктерінің бірі Алехандро Табиломен кездесіп, оны жеңген еді. Сондықтан бапкерлік штаб Тимофей Скатовтан үлкен үміт күтіп отыр.
– Не де болса, бәріне дайын болу қажет. Бәсеке ұзаққа созылып, өте тартысты өтіп, жүйкеге салмақ түсуі ықтимал. Оның үстіне біз сырт алаңда ойнаймыз. Жанкүйерлер өз теннисшілеріне қолдау көрсететіні анық. Дегенмен біз де мықтымыз, барымызды салатын боламыз. Толқыныс та жоқ емес. Бірақ капитан, барлық құрама және бүкіл еліміз менімен бірге, сондықтан өзімнің озық өнерімді көрсетуге әзірмін,- деді Қазақстанның екінші ракеткасы Тимофей Скатов.
Қазақстан – Чили матчының жеребесі бүгін 3 ақпан күні тартылады.