М.Жұмабаев ауданында тұратын он екі жастағы Жасмин Қалдыбек өзінің «Instagram» парақшасында шығармашылық эстафетаны қолдауға шақырған бейнероликті жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
– Биыл Алаш ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толмақ. Осыған байланысты дәл осы жерден, біздің ұлы жерлесіміздің Отаны – Сарытомар ауылынан «Мен жастарға сенемін» челленджін бастағым келеді, — деп атап өтті Жасмин.
«AMANAT» партиясының қолдауымен өтетін челлендждің мәні – ұлы ақынның шығармаларын насихаттау. Жасмин Мағжан Жұмабаевтың «Туған жер» өлеңін мәнерлеп оқып, эстафетаны «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановқа жолдады. Жетінші сынып оқушысының бейнежазбасын пайдаланушылар қуана қабылдады. Парақшаның астында жазынлған пікірлерде желі қолданушылары оқушыны қолдап, оның таланты мен шығармашылығын атап өтті.