СҚО-да тыңайтқыштар мен тұқымдарды субсидиялауға шамамен 9 млрд. теңге бөлінеді

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға, тұқым шаруашылығы мен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қомақты қаражат бөлінеді. Қаулылардың тиісті жобалары «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» сайтында көрсетілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Орналастырылған құжаттарға сәйкес, органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда, тыңайтқыштарды субсидиялауға өңірде 7 млрд. теңгеден астам қаражат бөлу жоспарлануда. Түсіндірме жазбада бюджеттік бағдарламаның мақсаты ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен жалпы жиналуын арттыру, минералды тыңайтқыштар енгізу арқылы топырақтың құнарлылығын сақтау болып табылатыны көрсетілген. Сондай-ақ қаулы жобасында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидиялар беруге қойылатын бірқатар талаптар қамтылған.

Биыл тұқым шаруашылығын дамытуға 1,7 млрд. теңге бөлу жоспарлануда. Оның 680 млн. теңгеден астамы элиталық тұқымдарды субсидиялауға көзделген. Қаулы жобасы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға 9,5 млрд. теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен шамамен 2,5 млрд. теңге бөлінеді. Жергілікті бюджеттен қаражат ауыл шаруашылығы жануарларына жем-шөп және бие сүтін өндіру мен өңдеу шығындарының құнын арзандатуға жұмсалады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz