СҚО әкімі Ербол Хамитовке қызметтік пәтердің кілтін табыстады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Швециядағы парашаңғы мен парабиатлоннан өткен әлем чемпионатында ел намысын қорғаған спортшылар құрметке бөленді. Облыс әкімі Айдарбек Сапаров атлеттермен тілдесіп, Қазақстанның пара спорт тарихында тұңғыш рет халықаралық біріншілікте топ жарған Ербол Хамитовке қызметтік пәтердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.  

Пара спортшылар арасында биатлон мен шаңғы жарысынан өткен әлем чемпионатында өңіріміздің атынан 4 атлет қатысты. Қуанышымызға орай, Ербол Хамитов үш бірдей жүлделі орынға ие болды, оның 2-уі қола болса, біреуі – алты медаль. Жерлесіміздің бұл жетістігімен облыс әкімі әкімі Айдарбек Сапаров құттықтады.

Жас спортшыларға үлгі болып, қайсарлық пен табандылық танытқан параатлеттер мен олардың бапкерлеріне алғыс білдіремін. Ербол Хамитовтың ата-анасы Ғалымкерей Құсайынов пен Ғалия Алпыспаеваға да ұлын тәрбиелеп, чемпион етіп өсіргені, өмірдегі барлық қиындықтарды жеңіп шыққаны үшін алғыс айтамын, – деді Айдарбек Сапаров.

Марапаттау рәсімінде Ербол Хамитовке ақшалай сыйақы да берілді. Әлем чемпионатына қатысқан өзге спортшылар мен жаттықтырушылар марапатсыз қалмады. Оларға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

329127450 1893299837687483 8138089092374702938 n

Фото: СҚО әкімдігінің бапасөз қызметі.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz