СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камалов өңір аудандарындағы су тасқынына қарсы дайындық шараларын бағамдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Алдымен Рамиль Камалов Шал ақын ауданына жұмыс сапарымен барды. Аталмыш ведомство басшысы жергілікті атқарушы билік өкілдерімен, аудан прокурорымен және су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге жауапты лауазымды тұлғалармен кездесті.Рамиль Камалов 2021-2022 жылдары Шал ақын ауданында төтенше жағдайларға және тұрғын үйлерді су басуға жол берілмегенін, адамдар мен ауыл шаруашылығы жануарларын эвакуациялау жүргізілмегенін, зардап шеккендер болмағанын атап өтті.
– Ауданда су басу тасқыны қауіпі жоғары 5 елді мекен бар. Олар – Сергеевка қаласы, Городецкий, Мерген, Ақанбарақ және Новопокровка ауылдары. Бұл аумақта шамамен 114 тұрғын үй бар, онда 322 адам тұрады, — деді Рамиль Камалов.
Рамиль Камалов ауданның елді мекендеріне барып, 2022 жылы жоспарланған жұмыстардың толық көлемде жүргізілгеніне көз жеткізді. Сергеев су торабының бақылау алаңына жақын жерде тастармен жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Кіші Таранғұл көлінде ұзындығы 500 метр, Новопокровка ауылының жанында диаметрі 1 метр, Сергеевка қаласынан 7 км және Ибраево ауылына жақын 2 км жергілікті маңызы бар «Көктерек-Ибраево» автомобиль жолында екі су өткізу құбыры орнатылды. Сонымен қатар, департамент бастығы Ақжар, Аққайың, Тайынша, Тимирязево, Есіл және Уәлиханов аудандарында болып, жергілікті атқарушы органдар жүргізген су тасқынына қарсы іс-шаралардың сапасын тексеріп, елді мекендерді еріген және тасқын сулардың ықтимал су тасқынынан тиімді қорғау жөнінде ұсыныстар берді.
– Біз көктемгі кезеңнің кез келген сценарийіне дұрыс төтеп беруімізге және халықтың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін дайын болуымыз керек, — деді департамент бастығы Рамиль Камалов.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі