Петропавлда бір тәулікте төрт интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Қала тұрғындары қылмыскерлерге 6 млн. теңгеден астам қаражат аударған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Соңғы уақытта алаяқтар өздерін банктің қызметкерлері ретінде таныстыруда. Өкініштісі, тұрғындар бәзбіреулердің арбауына түсіп қалып жатыр. Салдарынан жәбірленушілер шоттарындағы ақшаларын сақтап қалу мақсатында алаяқтардың айтқандарын тыңдап, жиған-терген қаражатынан апйруылуда.Алаяқтар дерекқорда растау және жаңарту операцияларын жүргізу үшін азаматтарға өз деректерін (ЖСН, банктік карталардың артқы жағындағы нөмірлері мен кодтарын) жазуды және ақшаны банктік шотқа аударуды сұрайды. Бұл ретте олар өздерінің жалған шоттарының нөмірлерін көрсетіп, ақшаны өз еншілеріне аударып алады екен.
– Желіде сөйлесу және ақша операцияларын жасау кезінде қырағылықты жоғалтпауға кеңес береміз. Сатып алу-сату мәмілелерін жасамас бұрын немесе бір жерге ақша салмас бұрын, қаражатыңызды кімге сеніп тапсырғыңыз келетініне сенімді болғаныңыз жөн. Күдікті қоңыраулар кезінде — бірден «102»нөміріне хабарласыңыз. Естеріңізге сала кетейік, банк қызметкерлері де, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де азаматтарға жинақтарын сақтау мәселелері бойынша қоңырау шалмайды, — делінген қалалық полиция департаменті жариялаған ақпаратта.