Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров қала әкімінен тұрғын үй алу үшін кезекке тұрған барлық жетім балалар қашан пәтерлермен қамтамасыз етілетінін сұрады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық әкімдікте өткен отырыста құрылыс көлемін азайту мәселесі қаралды. Онда өңір басшысы биылғы жылға арналған жоспарлар өзгеріссіз қалатынын және үстіміздегі жылы облыста 450 мың шаршы метр тұрғын үй салынатынын атап өтті.
— Әлеуметтік осал санатына жататын азаматтардан 1780 өтініш түсті. Оның 378-і жетім балаларға тиесілі. Біз оларды қашан баспанамен қамтамасыз етеміз?,- деп сұрады Айдарбек Сапаров Петропавл қаласының әкімінен.
Өз кезегінде қала басшысы Руслан Аңбаев жылына кемінде 600 жалға берілетін коммуналдық пәтер салу керектігін айтты.
— Оның 20% — ы жетім балаларға тиесілі. Осылайша, 3-4 жыл ішінде мәселе шешіледі. Биыл 100 пәтерғге бұл топқа жатқызылған азаматтарды қоныстандырамыз, — деді Руслан Аңбаев.