Жетім балалар қашан баспанамен қамтамасыз етіледі

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров қала әкімінен тұрғын үй алу үшін кезекке тұрған барлық жетім балалар қашан пәтерлермен қамтамасыз етілетінін сұрады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық әкімдікте өткен отырыста құрылыс көлемін азайту мәселесі қаралды. Онда өңір басшысы биылғы жылға арналған жоспарлар өзгеріссіз қалатынын және үстіміздегі жылы облыста 450 мың шаршы метр тұрғын үй салынатынын атап өтті.

Әлеуметтік осал санатына жататын азаматтардан 1780 өтініш түсті. Оның 378-і жетім балаларға тиесілі. Біз оларды қашан баспанамен қамтамасыз етеміз?,- деп сұрады Айдарбек Сапаров Петропавл қаласының әкімінен.

Өз кезегінде қала басшысы Руслан Аңбаев жылына кемінде 600 жалға берілетін коммуналдық пәтер салу керектігін айтты.

— Оның 20% — ы жетім балаларға тиесілі. Осылайша, 3-4 жыл ішінде мәселе шешіледі. Биыл 100 пәтерғге бұл топқа жатқызылған азаматтарды қоныстандырамыз, — деді Руслан Аңбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz