18 секундта қазақстандықтар жеңіл автокөлікке берілген несиені игерді

Авторы: Qyzyljar News

Платформа іске қосылған алғашқы минутта autonesie.kz сайтына 125 мың адам кірген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Таңғы сағат 10.00-де платформа іске қосылған сәттен бастап алғашқы 18 секундта 761 қазақстандық өз өтініштерін тіркеді. Бірінші минутта сайтқа кірушілер саны 125 000 адамды құрады. Бұл туралы Индустрияны дамыту қорынан хабарлады. Қор autonesie.kz сайты жүктемені жеңіп, пулдың қалыптасуын қамтамасыз етті деп сендіреді.

– Шектеуге жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталды, «өтініш беру» функциясы белсенді емес болды. Өтініштерді қабылдау барысында кейбір пайдаланушылар автокөлік өндірушісін таңдай алмады, бұл да өтінімдер шегіне жетуге қатысты,- делінген Өнеркәсіпті дамыту қоры жариялаған ақпаратта.

Өтінімдерді қабылдаудың келесі кезеңі қазақстандықтар үшін наурыз айында, содан кейін ай сайын қолжетімді болатынын айта кеткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz