СҚО-да полицейлерге бағынбаудың 36 фактісі тіркелді

Авторы: Qyzyljar News

Жыл басынан бері облыста полицейлерге бағынбаудың 36 фактісі тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбаудың барлығы дерлік мас күйде жасалады. Қаңтар айының соңында сағат 21:00 шамасында Е.Бөкетов көшесіндегі жалдамалы пәтердің иесі үйді жалдап тұрып жатқан ер адамды көршілерінің шағымдары бойынша шығаруға тырысқан. Үш күн бойы алкогольді ішімдіктер ішіп көңіл көтерген 30 жастағы ер адам бұл жерде өзінің құқығы шектеліп жатқанын алға тартып, полицияға қоңырау шалған. Оқиға орнына келген учаскелік инспектор ер адамнан медициналық тексеруден өтуді талап еткен. Күдік расталған соң мазасыз қонақ пәтерді босатудан бас тартып ашуға бой алдырған көрінеді. Ер адам өзіне-өзі ие бола алмай, күш көрсетпек болғасын тәртіп сақшысының оған арнайы құралдарды қолдануына тура келген.

Ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 667-бабы (Құқық қорғау органы немесе сот орындаушысының заңды өкіміне мен талабына бағынбау) бойынша материалдар жиналды. Бұдан бөлек, жалпыға ортақ орындарды ластағаны үшін оған хаттама толтырылды. Ол полиция қызметкерінің көзінше темекінің қалдығын терезеге лақтырып жіберген.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz