Есіл ауданында қосымша білім беру орталығы ашылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс мектептерінде оқитын оқушылардың 80 пайызы түрлі үйірмелерге қатысады. Ол шамамен 59,5 мың баланы құрап отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлдағы Оқушылар сарайының өзінде 6 бағыт бойынша 96 үйірме жұмыс істейді. Көбіне балалар роботехникаға қызығушылық танытуда. Өткен жылы бұл қосымша білім беру мекемесінде робототехникаға арналған оқу-әдістемелік орталығы ашылды. Оған оқушылардан бөлек, өңірдің педагогтары да келіп, теориялық және тәжірибелік біліктіліктерін арттырып келеді.

– Білім басқармасының негізгі бағытының бірі – қала мен ауыл арасындағы алшақтықты жою. Биыл бұл мақсатта Есіл ауданының Явленка ауылында қосымша білім беру орталығын ашу жоспарда бар. Елді мекендегі ғимараттың бірін қайта жаңартып, 150-ден астам балаланы 10-ға жуық үйірмеге тартуды көздейміз. Ол үшін 106,9 млн. теңге бөлінеді, – дейді СҚО білім басқармасының жетекшісі Нәзір Жәшібеков.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz