Жеңілдетілген автонесиеге қосымша қаражат бөліне ме

Авторы: Qyzyljar News

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет кулуарында жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына қосымша қаражат бөлу мәселесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өткен жылдың тамыз айында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына қосымша қаржы бөлу мүмкіндігін қарастыратынын айтқан еді. Осыған байланысты БАҚ өкілдері Ерұлан Жамаубаевқа халық арасында үлкен сұранысқа ие болған бағдарламаға қосымша ақша бөліне ме деген сұрақ қойды.

– Бізге қосымша өтінімдер әлі түскен жоқ, бірақ автонесиелеуден басқа әлеуметтік маңызы бар жобалар бар екенін де есте сақтаған жөн, деді министр.

Сонымен қатар «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров жеңілдетілген автонесие алуға ниет білдіргендер саны бойынша анықтама дайындалып жатқанын хабарлады. Еске сала кетсек, 2023 жылдың 6 ақпанында жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдана бастады. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ хабарлағандай, autonesie.kz платфорформасы арқылы небәрі 18 секундтың ішінде 761 адам толық өтініш беріп үлгерген. Лимитке жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz