СҚО-да өрт қауіпсіздігі айлығы аясында профилактикалық іс-шаралар өткізілуде

Авторы: Qyzyljar News

Тұрмыстық өрттердің алдын алу — азаматтық қорғау органдарының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Есіл ауданы төтенше жағдайлар мен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі айлығы аясында аудан орталығы Явленка ауылында өрттердің алдын алу бойынша масштабты іс-шаралар өткізді. Аталған іс-шараға полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен белсенділер және «Аманат» партиясының мүшелері қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Жылу беру кезеңінде Есіл ауданындағы тұрғын үй секторында 11 өрт оқиғасы тіркелді. Өрттердің салдарынан 3 адам қаза тапты. Адамдардың өмірін сақтап қалу мен өрттерді болдырмау үшін біз алдын алу жұмыстарын күшейтіп жатырмыз, – деді іс-шараға қатысушылардың саптық тізілуі барысында Есіл ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жұлдыз Есенғазин.

Қауіпсіздік шаралары туралы қысқаша нұсқаудан кейін өрт сөндіру қызметі, ішкі істер бөлімі, жастар ресурстық орталығының еріктілері мен «Аманат» партиясының мүшелерінен құралған бірлескен топтар өрттің алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізуге кірісті. Ең алдымен, «Алтын Есіл» супермаркетінің маңында азаматтар көп жиналатын орындарда тұрғындарға өрт қауіпсіздігі туралы жадынамалар мен брошюралар таратылды, көліктегі өрттің алдын алу туралы алдын алу жұмысынан көлік иелері де назардан тыс қалмады.
Өрттің алдын алуда балалардың отпен ойнауына да баса назар аударылады. Аудан орталығының №1 орта мектептің мәжіліс залында құтқарушылар оқушыларға бейнероликтер көрсете отырып, өрт қауіпсіздігі бойынша ашық сабақ өткізді. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері улы газбен уланудың алдын алу жұмыстарына баса назар аударды.

Жуырда ғана Явленка ауылында үй иесі түнде жылыту пешінің мұржасын мерзімінен бұрын жауып, соның салдарынан бүкіл отбасы улы газбен уланып, аудандық ауруханаға жатқызылған. Құтқарушылар жай ғана сөзбен шектелмей, улы газдың қаупін болдырмау үшін тұрғын үй секторын аралау кезінде үй иелерінің рұқсатымен пештің мұржасын жабатын металл ысырма бойында бұрғымен тесіктер жасауда. Бұл пештің мұржасын мерзімінен бұрын жабу кезінде қауіпті газдың мұржа бойымен шығып кетуіне үлесін қосады.

Өткен жылы Есіл ауданы әкімдігі заманауи дыбыстық құлақтандыру қондырғыларын сатып алған. Бұл тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелері туралы хабардар ету кезінде қолданылады. Аталған заманауи ақпараттандыру құрылғылары өрттердің алдын алу жұмыстарымен аудан орталығының тұрғындарын толық қамтуға мүмкіндік беретін таптырмас зат екенін айта кеткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz