Петропавл полицейлері бір түнде мас күйде көлік тізгіндеген төрт жүргізушіні ұстады

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда тәртіп сақшылары «Қауіпсіз апта» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Іс-шара аясындағы кезекті тексеру барысында 8 ақпанға қараған түні патрульдік полиция батальонының экипаждары көлік құралдарын мас күйде басқарудың 4 фактісін анықтады. Бөкетов, Уәлиханов, Панфилов пен Урожайная көшелерінің қиылысында және «Локомотив» саяжай қоғамында «Toyota Prado», «BMW», «Volkswagen» және «ВАЗ 21060» автокөліктер тоқтатылды. Жүргізушілердің үшеуінің жасы 30-ға толмаған болса, «Toyota» көлігін басқарған жас жігіттің 18 жасқа енді толғандығы белгілі болды.

– Барлық жүргізушілерге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша материалдар жиналды. Оларға 15 тәулік әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл басқару көлік құқығынан айыру қаупі төніп тұр. Сонымен қатар, мас күйде көлік басқару ауыр зардаптары бар ЖКО жасауға әкеп соғады, мұндай фактілерді анықтау және жолын кесу жұмыстары рейдтік, жедел-профилактикалық іс-шаралар мен жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған акциялар шеңберінде тұрақты негізде жүргізіледі, — деді Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Қанат Әлімжанов.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz