Петропавлда БАҚ-тың жұмысына кедергі келтірген күзетші сотталды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда БАҚ өкілдерінің кәсіби қызметіне кедергі келтіру бойынша алғаш рет қылмыстық іс қозғалып, сот үкім шығарды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қалалық соты бүгін журналистердің кәсіби қызметіне кедергі келтіру дерегі бойынша айыпталушыға қатысты қылмыстық істі қарады.
2021 жылдың 2 тамызы күні «Хабар» агенттігінің журналистері «Ashyq» мобильді қосымшасы жайында сюжет түсіру үшін «DostyqMall» ойын-сауық орталығына барады. Алайда, орталықтың қауіпсіздік қызметінің бастығы бейнеоператорға түсірілім жасауға рұқсат бермейді. Кейін оның нұсқауымен күзет қызметінің қызметкерлері түсірілім тобын далаға шығарып жіберген. Күш көрсетуден бейнекамераға зақым келді. Сотталушының кінәсі дәлелденді.

Прокуратура Қазақстан Республикасы «Рақымшылық жасау туралы» Заңын қолданып, негізгі жазадан босата отыра, сотталушының бостандығын бір жылға шектеуді және үш жылға дейін күзет қызметіне қатысты лауазымды атқару құқығынан айыруды сұрады. Бүгінгі таңда сотталушы өз кінәсін мойындап, өзін ақтауды өтінді.
Сот сотталушының кішкентай үш баласының барын есепке алып, бостандығын бір жылға шектеу туралы үкім шығарды. Қазақстан Республпикасы «Рақымшылық жасау туралы» Заңы негізінде ол жазадан босатылды. Сондай-ақ, отбасының жалғыз асыраушысы екені ескеріліп, қосымша жаза қолданылмағанын айта кеткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz