Қазақстан халқы Түркияға көмектесу үшін киім-кешек пен ақша жинап жатыр

Авторы: Qyzyljar News

Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи Астанада өткен баспасөз мәслихатында Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетуші қазақстандықтарға алғыс білдірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Уфук Экиджи Түркияда жер сілкінісі болған аймақта 13,5 миллионнан астам адам тұратынын хабарлады. Оның айтуынша, жер сілкінісі аймағындағы барлық ғимарат зардап шеккен.

– Қазір аман қалған ғимараттардың қауіпсіздік дәрежесін анықтау үшін сараптамалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол қалай аяқталады, сол кезде ғана адамдардың үйлеріне оралуға болатыны-болмайтыны айтылады. Сондықтан алдағы 3-7 күнде адамдардың қалада тігілген шатырлы қалашықта бола тұруына тура келеді. Бүгінгі таңда 92 738 шатырлы күркеше орнатылды. Адамдар суықта тоңып қалмас үшін жылы заттар, қалың көрпелер, ұйықтауға арналған қалың орамалар көп мөлшерде бөлініп жатыр. Шатырлы қалашық алдында адамдар ыстық тамақ ішуі үшін дала асүйлері де түзілген,-дейді Уфук Экиджи.

Оның айтуынша, жер сілкінісінен кейінгі алғашқы 72 сағатта, ал жақсы ауа райы кезінде 100 сағатқа дейін уақытта, яғни бес күн ішінде адамдарды үйінділер астынан аман-есен құтқаруға мүмкіндік бар.

Бүгінгі таңда Түркияға табиғи апаттың салдарын жою мақсатында 36 елдің, оның ішінде Қазақстанның құтқарушылары да аттанғанын айта кеткен жөн. Барлығы 75 ел үн қатып, көмек көрсету туралы өз ұсыныстарын жолдаған.

– Қазақстанның мемлекеттік органдары қолдау көрсетіп, ынтымақтастық танытып, бірден көмек көрсету үшін шаралар қабылдағанына өте қуаныштымын. Қарапайым азаматтар да сұралған гуманитарлық көмек туралы үндеуге жауап қатып, Түркияға жіберу үшін түрлі заттар жинап жатыр. Үкіметке және сұраған көмегімізге үн қатқан барлық Қазақстан азаматына алғысы білдіргім келеді,-Уфук Экиджи.

Оның айтуынша, адамдар қаржылай да көмек көрсетуге дайын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz