Петропавлдағы жанып жатқан үйден 8 газ баллоны шығарылды (ВИДЕО)

Авторы: Qyzyljar News

Бүгін Петропавлдың Заречный шағынауданындағы жеке үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына келген өрт сөндірушілер бірден қызыл жалынды ауыздықтауға кірісті. От баспананың іргесіндегі қора-қопсыны да жалмаған. Тілсіз жауды сөндіруге 8 техника мен өрт сөндіру қызметінің 25 маманы жұмылдырылды.
Өрт салдарынан бір қора түгелімен жанып кетті. Ал үй мен жанындағы екінші шаруашылық нысанындағы от дер кезінде сөндірілді.

— Өртті сөндіру үйлер мен қосалқы ғимараттардың тығыз орналасуынан қиынға соққанын айта кеткен жөн. Қызыл жалын шарпыған аумақ 120 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Жанып жатқан үйден 8 газ баллоны шығарылды. Оттың шығу себебі анықталуда, – делінген СҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі.

sddefaultplay btn

Видео: СҚО ТЖД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz