Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңіне 504 оқушы қатысады  

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңіне 9-11 сыныптарда оқитын оқушылар қатысады. Биыл білім бәйгесінде өңір аудандары мен Петропавл қаласынан жалпы 504 бала бақ сынауға ниет білдірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі екі бағытқа бөлініп, 15 пән бойынша өтеді. Білім сайысы ақпанның 13-і мен 18-і күндері аралығында Петропавлдың Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернаты, Лорд дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, № 8 жалпы орта білім беретін мектеп-эстетикалық тәрбие кешені мен М.Айтқожин атындағы №1 орта мектебінде ұйымдастыралады.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, облыстық олимпиадаға қала мен аудандық кезеңдерде жеңімпаз және жүлдегер атанған оқушылар қатысады. 2 турдан сүрінбей өткендер республикалық сайыста өңір намысын қорғауға мүмкіндік алады.

– 504 оқушының 223-і жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерде, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 281 оқушы қатысады. Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында олимпиада электрондық форматта, «Еl umiti цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесінде веб-камерадан фотофиксациямен және минут сайын прокторинг сервисін пайдалана отырып өткізіледі. Әр тур аяқталғаннан кейін қатысушылардың сканерленген жұмыстары шифрланып, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессор-оқытушылар құрамынан облыстық қазылар алқасының мүшелеріне тексеруге тапсырылады. Әрбір тур аяқталғаннан кейін қатысушылардың жеке деректерін көрсетпей, олардың жұмыстарының сканерленген көшірмелері, тапсырмалар бойынша дұрыс жауаптар және турлардың нәтижелері бар хаттамалар «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ ресми сайтында жарияланады.

Академиялық адалдықты сақтау және олимпиаданы өткізудің ашықтығын бақылау үшін жергілікті жерлерде біздің орталықтың әдіскерлері мен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қызметкері қатысады. Іс-шара онлайн режимінде көрсетіледі, барлық бейнебақылау сілтемелері біздің сайтта қолжетімді болады, – деп жазады СҚО білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz