Демалыс күндері елімізде қатты жел соғып, тұман түседі, көктайғақ болады

Авторы: Qyzyljar News

Синоптиктер алдағы демалыс күндері – 2023 жылғы 11-13 ақпан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, еліміздің бірқатар өңірінде қар жауып, қатты жел соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

«Қазгидроме» РМК жариялаған мәлімет бойынша, Қазақстанның барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: қар жауады, жел 15-23 м/с-ке дейін күшейеді.

– 11 ақпанда Түркістанда, 11-12 ақпанда Жамбыл облыстарында 30 м/с және одан жоғары жел соғады, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста жаяу бұрқасын болады. Республика бойынша тұман, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ болжанды, – делінген хабарламада.

Синоптиктер температуралық фонда күрт өзгеріс болмайтынын, тек түнде шығыста -17-25 дейін, оңтүстік-шығыста -10-25 дейін аяз болады. Ал республиканың оңтүстігінде кезеңнің соңына қарай күндізгі ауа температурасы 5 градус аяздан +3+8 градусқа дейін көтеріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz