Петропавл тұрғындары Түркияға гуманитарлық көмек жөнелтпек

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл тұрғындары зілзаладан зардап шеккен түркиялықтарға жылу жинап жатыр. Ал жергілікті тігін фабрикасы 2 млн теңгенің киім-кешегін жөнелтпек, деп хабарлайды  деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының «Біргеміз» волонтерлер фронт-кеңсесі Петропавл тұрғындары әкелген заттарды Достық үйінде қабылдауда. Негізінен жылы киімдер, аяқ-киім, төсек-орын, күнделікті тұрмысқа қажет заттар, жеке бас гигиенасына арналған бұйымдар қабылданып жатыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінге дейін 400 кг зат жиналды. Күні кеше ғана Петропавлдағы колледждердің бірі 4 қап киім-кешек әкелген.Тұрғындар да қолдан келгенше көмектесіп жатыр, бірі кір жуатын ұнтақ, енді бірі – жөргектер әкелген.

– Жексенбінің кешіне дейін қабылдаймыз. Одан кейін әкелінген заттарды сұрыптап, буып-түйіп, дүйсенбі күні жібереміз. Әкелініп жатқан заттардың бәрі дерлік жаңа, кейбірі қолданыста болса да сапасы өте жақсы, — дейді волонтерлер.

Түркиядағы зілзаладан зардап шеккендерге Петропавлдағы «Прогресс» тігін фабрикасы» ЖШС-де гуманитарлық көмек жіберетінін айта кеткен жөн. Жалпы құны 2 млн. теңгеге бағаланған киім-кешек бүгін Түркия елшілігіне жөнелтіледі.

– Түркия мемлекетімен біз ұзақ уақыттан бері достық қарым-қатынастамыз. Ондағы қазіргі жағдай қатты жүрегімізге батты. Сондықтан біз де қол қусырып отыра алмадық. Бүгін балалар мен ересектерге жылы сырт киімдерін және үйінділерде жұмыс істеп жатқан еріктілер мен құтқарушыларға арналған арнайы киімдерді жібереміз. Осы зілзаладан зардап шеккендердің жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз, — деді тігін фабрикасының менеджері Динара Төлегенова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz