СҚО-да ауыл тұрғыны екі рет мас күйде көлік тізгіндеген

Авторы: Qyzyljar News

Мамлют ауданының тұрғыны масаң күйіне қарамастан екі рет көлікті тізгіндеген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қаңтар айының ортасында Мамлют ауданының 57 жастағы тұрғыны Петропавл қаласында көлікті мас күйде жүргізіп ұсталған еді. Ол сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылған. Алайда ер адам ауылдық сот шешімін елемей, әкімшілік қамақтан шыққаннан кейін екі күн өте салысымен қайтадан «Audi 100» автокөлігінің тізгініне отырған. Ер адамның көлік басқару құқығынан айырылғанын білген полиция қызметкері оны тексеру үшін тоқтатқан. Тексеру барысында жүргізушіден спирттік ішімдіктің иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде екенін көрсетті.

Аталған факті Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

– Сот шешімін елемегені, қозғалыстың барлық қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргені үшін ауыл тұрғынына өмір бойы көлік басқару құқығынан айырыла тұра ірі айыппұлдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін нығайту үшін осындай жағдайларды жою бойынша мақсатты жұмыс жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері аудан жолдарында алты мас жүргізуші ұсталды, олардың үшеуі бұрын басқару құқығынан айырылды. Жыл басынан аудан жолдарында алты мас жүргізуші ұсталды, оның үшеуі бұрын көлік басқару құқығынан айырылғандар, – дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Петр Климов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz