Қазақстанда аңшылардың жасы ұлғайтылды

Авторы: Qyzyljar News

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Аң аулау қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жеке адамдардың аң аулауға құқығы келесі ережелер болған кезде бар деп танылады:

  • 21 жасқа толған, егер аң аулау атыс қаруын қолдана отырып жүргізілсе. Бұрын аң аулауға 18 жастан бастап рұқсат берілген;
  • 14 жасқа толған, егер аңшылық басқа рұқсат етілген аңшылық құралдарын, аңшылық иттер мен жыртқыш құстарды пайдалана отырып жүргізілсе;
  • аңшы куәлігінің болуы;
  • жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алу.

Бұл ретте шетелдiктер аңшылық шаруашылығы субъектiсiмен аңшылықты ұйымдастыру туралы шарт жасасқан, жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат, жолдамалар, сондай-ақ iшкi iстер органдарының қорытындысы бойынша аңшылық шаруашылығын ұйымдастыру туралы шарт жасалғаннан кейiн республика аумағында аң аулай алады. Аңшылық қаруды және оған арналған патрондарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат алады. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін (10 ақпан) күнтізбелік 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz