СҚО әкімі мектептегі шабуылдан зардап шеккен балалардың көңілін сұрап барды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров көпбейінді балалар ауруханасына барып, 9-сынып оқушысының қолынан жарақат алған балалардың хал-жағдайын білді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО әкімі Айдарбек Сапаров облыстық көпбейінді балалар ауруханасында болды. Өңір басшысы отадан кейін естерін жинаған екі баламен тілдесті. Бұл жайында ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Аталған оқиғадан кейін ауруханаға түскен балалардың хал-жағдайын білдім. Балалармен тілдесіп, тезірек сауығып кетуін тіледім. Зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілді, қазір олардың жағдайы тұрақты. Балалар дәрігерлердің бақылауында, — деді Айдарбек Сапаров.

Естеріңізге сала кетейік, кеше таңертең Петропавлдағы №4 орта мектептің 9-сынып оқушысы сабаққа өзімен бірге балта мен пышақ ала келіп, жоғары сыныптың үш баласын жарақаттаған еді. Мектепке қаруланып келіп, қатарластарына шабуылдаған жасөспірім, кейін белгілі болғандай, психиатриялық есепте тұрған. Зардап шеккен балалардың екеуіне ота жасалып, олар жансақтау бөліміне жатқызылды. Үшіншісі қажетті көмек алғаннан кейін үйіне жіберілді.

СҚО әкімі оқиғаны бақылауда ұстап отыр. Айдарбек Сапаров істің мән-жайын толық анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын айтты.

Фото: СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz