Елімізде 27 мыңға жуық шетел көлігі заңдастырылды

Авторы: Qyzyljar News

Көлікті заңдастыру шарасы жүзеге асырыла бастаған 20 күнде 27 мыңға жуық көлік тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайттағы деректерге қарағанда, тағы 65 мыңнан астам автокөлік алдын ала тексеруден өтіп, әрі тіркеуге жіберілді. Сонымен бірге ІІМ автокөліктерді заңдастыру процесінде туындайтын проблемаларды шешу үшін талдау жүргізуде.
Атап айтқанда, заңдастыру процесінде көбіне басқару органдары оң жақта орналасқан автокөліктер анықталды, олар ел аумағына қосалқы бөлшектер түрінде әкелініп, кейіннен Қазақстан азаматтарына сатылған.

— Аталған көліктер бойынша Ішкі істер министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, оларды Қазақстан Республикасында бастапқы тіркеудің құқықтық тетіктерін әзірледі. Қазір заңмен ресімдеу жұмыстары жүргізілуде,-делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz