Қазақстандық құтқарушылар Түркияда іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Түркиядағы іздестіру-құтқару жұмыстарының видеосын көрсетті. Кадрларда құтқарушылар қираған үйлер орнында үйінділерді тазартып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің телеграм арнасында жарияланған бейнематериалда құтқарушылардың жолды босату және апат астынан зардап шеккендерді іздеуді жеңілдету үшін тұрақсыз құрылыстарды қалай бөлшектеп, үйінді астындағы арматураның өрімін арнайы қайшымен кесіп жатқаны көрсетілген.

— Бұл сондай-ақ бетон қадаларын, арқалықтарды және басқа да құрылыс қоқыстарын жедел талдау және тиеу үшін арнайы техниканың қолжетімділігін жеңілдету мақсатында жасалып отыр,-делінген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпан күні таңертең Түркияда күшті жер сілкінісі болды. Түркияның Табиғи апаттармен күрес басқармасының мәліметінше, елде 31 643 адам қаза тапқан. Түрік полициясы жер сілкінісінен құлаған үй салушыларға арналған он шақты мердігерді қамауға алды. Олардың бірі өзін құрбан ретінде көрсетіп, Анталиядағы бес жұлдызды қонақүйге тығылғанын айта кеткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz