Облыстық полиция департаментінде 32 кинолог маман қызмет етеді

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

СҚО ПД-да 32 кинолог маман қызмет етеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД кинологиялық қызмет орталығының бастығы Самат Төлебаевтің айтуынша, тиімді қызмет атқару үшін басшылық тарапынан үнемі жағдай жасалады. Мамандар қызметтік формамен және арнайы құрал-жабдықтармен қамтылады. Сондай—ақ баспана жалдап тұратын полицейлерге ақшалай өтемақы төленеді.

– Облыстық полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығы – мектеп оқушылары жиі экскурсияға келетін орын. Қызметкерлер иттерді қолдану арқылы қылмыскерлерді ұстау мен есірткі іздеуді көрсетеді. Осылайша полицияның төртаяқты көмекшілері жас ұрпақты тәрбиелеу жұмыстарына қатысады. Көкжал да балалармен қуана суретке түседі, -дейді Самат Төлебаев.

Кинолог болу үшін СҚО полиция департаментінің кадр саясаты басқармасына 8 (7152) 61-26-68, 61-26-50 телефондары, 8-708-204-71-63 WhatsApp нөмірі арқылы жүгінуге болады. Бүгінде СҚО полициясының бөліністерінде 32 кинолог қызмет атқарып келеді. Өткен жылы қызметтік-іздестіру иттерін қолдану арқылы 600-ден астам қылмыс ашылған.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

Әділет Бағланұлы, +77077387721 adilet.tolegen.00@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz