Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры: шағым көп

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының колл-орталығына өткен жылы 759164 өтінім келіп түскен.  707,5 мың адам кеңес алса, 24 мыңы түрлі мазмұндағы  шағым қалдырған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының ақпаратына сәйкес, өтініштердің 93 пайызы бойынша кеңес берілді, 50 мыңнан астам өтінім егжей-тегжейлі қаралып, жауап берілді.

– Өткен жылы пациенттер қорға 24 мың шағым жіберген. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда олардың саны 35 пайызға артты (2021 жылы 17,7 мың шағым). Шағымдардың жартысына жуығы Алматы, Астана қалаларына және Қарағанды облысына тиесілі. Азаматтар көбінесе медициналық көмектің сапасыз көрсетілгенін айтып шағымданған. Екінші орында – медициналық көмек көрсетуден бас тарту тұр. Сондай-ақ медициналық көмекті ұзақ күту, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуден бас тарту, әдепті бұзу, медициналық ұйымның  ақпараттық жүйелерінде  көрсетілмеген қызметті көрсетілді деп көрсеткен жағдайлар бойынша шағымдар түсті, – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» СҚОФ-ның директоры Лариса Гордеева.

Үстіміздегі жылғы 1-31 қаңтар аралығында облыс бойынша филиал мамандары 499 кеңес бергенін атап өткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz