Ербол Тасжүреков ҚР Ауыл шаруашылығының вице-министрі болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ербол Қуанышұлы Тасжүреков ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ербол Тасжүреков 1979 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Х.А. Ясауи атындағы Мемлекеттік халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Францияның Ұлттық әкімшілік мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы жеке меншік компанияда менеджер болып бастаған. Әр жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2007-2013 жж. Астана қаласы Алматы аудандық сотында қызмет етті.

2013-2014 жж. – ҚР Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Кәсіпкерлік қызметті нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру басқармасының басшысы; Өңірлерге мониторинг жүргізу және бағалау департаменті Өңірлерге мониторинг жүргізу және бағалау басқармасының басшысы.

2014-2016 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңіраралық ынтымақтастық, өңірлерді талдау және бағалау департаменті директорының орынбасары; Өңірлік саясат, өңірлерді талдау және бағалау департаменті директорының орынбасары.

2016-2018 жж. – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары.

2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

2018-2019 жылдары – Түркістан облысы әкімінің орынбасары.

2019 жылғы сәуірден 2021 жылғы маусымға дейін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz